Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда қойма өртеніп жатыр: арнайы штаб құрылды

Кеше, 00:18
524
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы қаласы ТЖМ бөлімшелері Солтүстік айналым тас жолындағы қоймадағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірінші жасақ келгенде ғимарат ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп, өрт сөндіру оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға қосылды.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, өртті сөндіруге 85 адам және 22 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ автопоезы тартылды.

Өртті сөндіру ғимарат құрылысының ерекшелігіне және жоғары өрт жүктемесімен күрделеніп тұр.

Өзгелердің жаңалығы