Бостандық ауданында жаңадан салынып жатқан қонақүйді өрт шарпыды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Тілсіз жау ғимараттың екінші қабатындағы құрылыс қоқсытарынан шыққан.
Әлеуметтік желілерде Сәтбаева көшесінің бойында орналасқан қонақ үйдің бірін жалын шарпығаны жайлы ақпарат тарады.
Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі пікір білдірді.
20 наурыз күні сағат 11.36-да Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы, ықшамауданы мекенжайына жіберілді. Көктем-3, 22 мекенжайына өрт сөндірушілер бес минутта жетті. Салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында құрылыс қалдықтары өртенгені анықталды, – деді ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірілген. Жалпы от шарпыған аудан 10 шаршы метр болған.