Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясының базасында қоғам мен полиция арасындағы сенімді арттыру және нығайту мәселелері бойынша қорытынды тренинг өтті. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ішкі істер министрлігі мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс басқармасының бірлескен жобасына Ішкі істер министрлігі Орталық аппараты мен оқу орындарының 25 қызметкері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.
Тренингтердің негізгі міндеті – заманауи полиция қызметінің ажырамас бөлігі ретінде сенімді қалыптастыру және бекіту, озық практикалар саласындағы халықаралық тәжірибемен бөлісу және полиция қызметінің барлық аспектілері бойынша сенімді бекіту фактілеріне, стратегияларына негізделген білім мен қолданбалы дағдыларды нығайту.
Іс-шара 4 сессияда өткізілді. Бүкіл серия полицияға және мемлекеттік институттарға деген ішкі сенім, сондай-ақ қоғамдық сенім деңгейін арттыру үшін нақты деректерге негізделген полиция практикасын жаңғырту стратегияларына арналды.
Алматы академиясының базасында ҚР ІІМ және полицияның оқу орындары қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға арналған соңғы қорытынды сессия өтті.
ІІМ Алматы академиясының бастығы Айдар Сайтбековтің айтуынша, бұл іс-шара Ішкі істер министрлігін кең ауқымды реформалау кезеңінде өткізілуімен өзекті.
Құқық қорғау қызметін бағалау өлшемшарттарының бірі – халықтың полицияға деген сенімінің деңгейі. Осыған байланысты полиция қызметін жетілдіру қажеттілігі халықтың сенімін бағалаумен байланысты, - деді ол.
Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстанның ішкі істер органдарының күнделікті жұмысына деген сенімді нығайту тұжырымдамалары мен стратегияларын енгізуге күшейтілген тәсілді институционалдық қолдауды қалыптастырудың негізгі құралы ретінде өзгерістерді басқару қағидаттарын қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараға АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінен Джон Дадли мен Елена Бескровная да қатысты.
Біріккен ұлттар ұйымының Есірткі және қылмыс басқармасы атынан АҚШ Елшілігіне және АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткі және құқық қорғау бюросына осы маңызды жұмысты жүзеге асыруда көрсеткен қаржылық қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді БҰҰ ЕжҚБ жобасының менеджері Вэнди О' Брайан.
Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.