Әлеуметтік желіде 30 шілдеде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті (бойжеткен) ректорат ғимаратының 14-қабатынан секіріп кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.
Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайлары алда анықталатын болады, - деді полициядағылар.
Сондай-ақ, ведомство алдын-ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болғанын атап өтті.
Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға және тек ресми дереккөздерді басшылыққа алуға шақырамыз, - дейді полициядан.
Айта кетсек, 2025 жылдың 18 маусымында да Назарбаев университетінің жатақханасында студент қыз өлі табылған болатын.