Алматыда «Қазақтелеком» кеңселерінің бірінде ер адамды скотчпен байлаған

Бөлісу:
Алматыда «Қазақтелеком» кеңселерінің бірінде ер адамды скотчпен байлаған
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде екі ер адам басқа азаматты диванда ұстап, скотчпен байлап жатқан жері видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға 4 қазан күні аталған компанияның Шаляпин мен Береговой көшелерінің қиылысында болған. Аталған жағдайға «Қазақтелеком» компаниясының баспасөз қызметі жауап берді.

Видеодағы байланған азамат мас болған. Өзін дұрыс ұстамады. Клиенттер мен қызметкерлерге тап берген. Бұдан бөлек, балаларға қауіп төндірген. Полиция келгенге дейін адамды қызметкерлер ұстап отыруға тырысқан. Бұл әрекет келушілер мен қызметкерлерді қорғау мақсатында мәжбүрлі шара ретінде қабылданды, – делінген баспасөз қызметінің жауабында. 

Компанияның заңгерлері құқыққорғау органдарымен бірлесіп, болған оқиғаға заңды бағасын бермек. Компания тарапынан да қауіпсіздік шаралары күшейтілетін болады.

Видео: qumash_kz

Өзгелердің жаңалығы