Алматыда қайтыс болған лаңкестер жерленген орын табылды
20 Қаңтар, 14:50 1669

Алматыда қайтыс болған лаңкестер жерленген орын табылды

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметітк желіде Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған лаңкестер жерленген орынның табылғаны туралы мәлімет тарады.

Аталған мәліметті Алматы қаласы Полиция департаменті растады.

Бұл мәліметті растаймын. Лаңкестерді құпия жерлеу олардың жеке тұлғасын анықтауды қиындату үшін жасалған,-дейді ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетсек, бұған дейін Алматы ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов содырлар қаладағы мәйітханаға шабуыл жасап, 41 адамның мүрдесін алып кеткенін айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...