Алматыда қаупі жоғары өрт сөндіріліп жатыр

19 Ақпан 2025, 10:37
305
Бөлісу:
Алматыда қаупі жоғары өрт сөндіріліп жатыр
VIDEO
Фото: архив

Бұл туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының  өрт сөндірушілері Әуезов ауданы Өтеген батыр көшесі бойындағы қоймадағы өртті сөндіруде.

Өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындауда. Сумен үзіліссіз қамтамасыз ету ұйымдастырылды.

ТЖМ күшетрімен өрт алдын ала 3000 ш.м. алаңда оқшауланды. 

Өрт сөндірушілер жақын орналасқан 3 қабатты әкімшілік ғимарат пен тауар-материалдық құндылықтары бар қоймаларды өрттен қорғап қалды.

Сағат 11.43-те құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өзгелердің жаңалығы