Алматыда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін кабель өнімдері анықталды

24 Қыркүйек 2024, 18:25
236
Бөлісу:
Алматыда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін кабель өнімдері анықталды
Фото: Техникалық реттеу және метрология комитеті

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті өңірде қауіпті өнімді анықтау мақсатында кабельдік-өткізгіш өнімдерін бақылау үшін сатып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында Алматы қаласындағы екі сауда нүктесінен кабель өнімдердің үлгілері іріктеліп, сынақтар жүргізу үшін аккредиттелген сынақ зертханасына жіберілді.

Сынақ нәтижелері кабелдің үш түрі (ПВС 2х1,5 мм² YILDIZ KABLO, ВВГ-нг 3х1,5 мм² Premium Kablo, ПВС 3х2,5 мм² Premium Kablo) Кеден одағының «Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 004/2011) талаптарына сәйкес келмейтіндігін көрсетті.

Нақты бұзушылықтарға мыналар жатады:

- электрлік емес қауіптерден қорғаудың жеткіліксіз деңгейі;

- жоғары температураның, доғалық разрядтардың немесе радиацияның пайда болу қаупі, бұл қауіптерге әкелуі мүмкін;

- өнімді таңбалаудағы бұзушылықтар (өндіруші елдің болмауы).

Бұл бұзушылықтар денсаулыққа ықтимал қауіп төндіреді, соның ішінде электр тоғы мен жарақат алу қауіпі.

Естеріңізге сала кетейік, «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес нарықта айналымдағы өнім белгіленген техникалық регламенттерге және расталған талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Департамент жедел ден қою шараларын, кабельдік өнімдер партиясын өткізуге тыйым салуды қолданды.

Өзгелердің жаңалығы