Алматыда қатты нөсер жауды

8 тамыз күні Алматыда қатты жаңбыр жауды. Қала тұрғындарды нөсер жауында видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 Видеодан скрин 8 Тамыз 2023 2023, 20:20
8 Тамыз 2023 2023, 20:20
1123
Фото: Видеодан скрин

8 тамыз күні Алматыда қатты жаңбыр жауды. Қала тұрғындарды нөсер жауынды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұған дейін синоптиктер 7-8 тамыз аралығында Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейетінін ескерткен еді.

Мен тұратын «Алма Сити» тұрғын үй кешені, 14/8 үйдің алды көлшікке айналды. Тіпті Венеция ма дерсің. Қатарынан үш күн жаңбыр жауса, үйімізді су алып кететіндей. Су өте лас. Жауапты мамандар алдағы уақытта қаланы су басып кетпеуін қадағалайды деген сенімдемін, – дейді қала тұрғыны. 

Түнере төнген бұлттан төгіп өткен нөсер жауынның ағыны қала көшелеріндегі көптеген жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілер үшін қолайсыз жағдайлар тудырды.

Наверх