Алматыда қарттар форумы өтті

15 Қазан 2023, 17:11
1163
Бөлісу:
Алматыда қарттар форумы өтті
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда қазыналы қарттар мен мектеп оқушылардың қатысуымен форум өтті. Наурызбай ауданының білім бөлімі ұйымдастырған бұл шара №174 мектеп-гимназиясында өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Форумға қатысушы ата-әжелер төрт топқа бөлінді. Оқушылардың қолөнер көрмесі ұсынылды, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрестен балалар мен ата-әжелер арасындағы жарыс өткізілді.

Алматыда қарттар форумы өтті

Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді. Мақсатымыз – өскелең ұрпақтың бойына ата-әжеге деген құрметін ояту. Жастарымыздың қазақы дәстүрді қадірлеп, қадір-қасиетіне бойлауына маңыз береміз. Форум отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-әженің бала мен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруды негізге алады, – дейді No174 мектеп директоры Арнагүл Мәлікова.

Алматыда қарттар форумы өтті

Бұдан кейін мектеп-гимназияның мәжіліс залында «Бала тәрбиесіндегі ата-әженің рөлі» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы