Алматыда Қарғалы өзені абаттандырылады

24 Тамыз 2023, 20:45
837
Бөлісу:
Алматыда Қарғалы өзені абаттандырылады

Қараша айына дейін Наурызбай аудандағы 3 жерасты жаяу жүргінші өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Бұл туралы Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

Қыркүйек айында Қарғалы өзенінің жағалауын көріктендіре отырып абаттандыру, сыртқы жарықтандыру желілерін, балалар спорт алаңдарын орнату және бөгеттен Жандосов көшесіне дейін ұзындығы 7,7 км болатын қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстарын бастауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылдың шілде айының соңына дейін аяқтаймыз,– деді қала басшысы.

Жасыл желектерді тиісінше күтіп-баптау мақсатында 3 учаскеде осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 4 км болатын автоматтандырылған суару жүйесін салу жұмыстары аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы