Жыл соңына дейін қалада 320 мың жасыл желек отырғызылады, оның 63 мыңнан астам ағашы отырғызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ағаштар тамыр жайып, өсіп кетуі үшін оларға тиісті күтім мен су қажет. Сондықтан автоматты суару жүйесі орнатылған, ал жеткізушілер 3 жылға дейін ағаштарды күтіп-баптауға міндетті.
Күзгі отырғызу кезінде шаған ағаштарына басымдық беріледі, өйткені олар салыстырмалы түрде күй талғамайды және сирек ауырады. Тез өсіп, ауаны тазартуда сүзгінің қызметін атқаратын теректер де отырғызылады.
Алмалы ауданы бойынша жасыл комиссияның басшысы Омар Нұрхайдаров қаланы көгалдандыру жұмыстары жақсы ұйымдастырылғанын, ал қураған және апатты жағдайдағы ағаштардың биыл көп кесілгенін атап өтті.
Неліктен ағаштарды күзде отырғызған дұрыс? Неліктен терек аллергиямен ауыратындарға қауіп төндірмейді? Сарапшылардың жауабын карусельден оқыңыз.