Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №72 мекемесі (Тергеу изоляторы) жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 1 шолақ мылтық пен «Стример» маркалы травматикалық тапанша және 32 дана патрон табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу изоляторының жедел қызметкерлері қалың бұта арасына жасырған қаруды Алматы қаласы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдерімен бірге анықтады.
«Қару» алдын алу іс-шарасын өткізу барысында «Ұлжан» шағынауданының Жалайыр көшесінен табылған қару бойынша қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.