2023 жылдың 30 қазанынан бастап көлік желісіне қала маңына қатынайтын №247 бағыт бойынша 4 жылжымалы бірлік шығады, ол «Бұрылатын алаңы Төле би - Яссауи - Мыңбаев кенті» сызбасы бойынша қозғалатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес қызмет «Алматы трансавто» ЖШС тасымалдаушысына берілді. Осы бағытта көліктік қызмет көрсету үшін сыйымдылығы шағын Isuzu le-60 маркалы автобустар жүретін болады.
Айта кетерлігі, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы Алматы қаласының мобильділік басқармасы 25 елдімекенді қамти отырып, қала маңында 10 жаңа бағытты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 4 бағыт іске қосылған – бұл №223 «Саяхат-Нұра және Туғанбай ауылдары», №233 «Қараой – Саяхат ауылы», №240 «Батыр ауылы – «Адем-1» СҮ, Солтүстік айналым көшесі, №236 «Төле би - Яссауи бұрылыс алаңы - Қарғалы кенті». Қалған маршруттар әзірленуде.
Бұдан басқа, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарлануда, олардың есебінен 50 елдімекен көлікпен қамтылатын болады.