Бұл туралы БАҚ өкілдері Төтенше жағдайлар департаментінің жер сілкінісіне байланысты брифингінде ТЖД басшысы Нұрлан Атығаевтан сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналист Алматыда жер сілкінісінен соң қабырғаларында жарықтар пайда болған, құлау қаупі бар үйлерді зерттеу жұмысы қашан басталып, қорытындысы қашан шығатыны жөнінде сауал қойды.
Біз әкімдіктер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мүмкіндігімізге қарай барлық тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен көпқабатты тұрғын үйлерді қараймыз. Тұрғындар ақпаратты әлеуметтік желілерде жарияланған нөмірлерге жіберсе болады. Біз тексеріс жүргіземіз. Қашан екенін бүгін, ертең, бүрсігүні деп нақты айта алмаймыз, - деп жауап берді Атығаев.
Еске салсақ, жер сілкінісі кезінде SMS-хабарлама не себепті жіберілмегендігі және комиссия 5,5 балдан жоғары магнитудағы жер сілкінісін бағалайтынын жазған едік.