Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда психикалық ауытқуы бар науқас емханадан қашып кетті

Нұрқанат Атажан
19 Маусым 2025, 13:09
1030
Бөлісу:

Алмалы ауданындағы медициналық орталықтан психикалық ауытқуы бар ер адам қашып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ол 18 маусымда таңғы 11:00 шамасында емханадан шығып кеткен.

Алматыда психикалық ауытқуы бар науқас емханадан қашып кетті

Қашып кеткен азамат – Кос Игорь Юрьевич, жасы – 31-де. Сипаттамасы: бойы 165 см, орта денелі, шашы қара, қысқа қырқылған, көзі қоңыр, – деді еріктілер.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Әбіш Кеілбайұлы көшесіндегі психиатриялық ауруханадан екі науқас қашып кеткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы