Алматыда тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды 300 балаға арналған дәстүрлі Президент шыршасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, мемлекет басшысы атынан қонақтарды Алматы әкімі Ерболат Досаев құттықтады. Зор денсаулық, мол табыс және Жаңа жылда барлық арманның орындалуын тіледі.
Балалар «Жаңажылдық сиқыр» музыкалық-интерактивті шоу-спектакліне қатысты. Аяз Ата мен Ақшақар ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаның шамын жақты. Іс-шара соңында бүлдіршіндерге ел Президенті атынан жаңажылдық сыйлықтар берілді.