Алматыда бір аптада праймеризге қатысуға 120 адам тіркелді

24 Тамыз 2020, 19:24
996
Бөлісу:
Алматыда бір аптада праймеризге қатысуға 120 адам тіркелді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 17 тамыздан бастап праймериздің бірінші кезеңі - қатысушыларды тіркеу басталды.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен аптада мегаполисте праймеризге тіркеуге 120-дан астам адам өтініш берді. Оның ішінде 33%-ы әйелдер және 35 жасқа дейінгі жастардың 30%-ы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар тіркелген адамдар, көпбалалы аналар, еріктілер және басқалар.

a4942d60-015e-412e-8605-4d1f787eed0d.jpg

Қатысушыларды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады, тіркеу аяқталғаннан кейін 30 тамызда партияның праймеризіне қатысуға өтініш берген азаматтардың есімдері бар толық тізім жарияланады. Содан кейін жаңа кезеңдер басталады: кандидаттарды үгіттеуге дайындау, үгіт-насихат жұмыстары, дауыс беруді өткізу, тізімдерді дайындау, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық дауыс беру 1-3 қазан аралығында онлайн режимінде «Праймериз» жаңа ақпараттық жүйесі арқылы өтеді.

   

Өзгелердің жаңалығы