Әлеуметтік желілерде қолына сыра ұстап, көлік айдаған жалған полицейдің бейнеролигі тарады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция Департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Тексеріс нәтижесінде бұл адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және ешқашан Ішкі істер органдарының қатарында қызмет етпегені анықталды. Ол ұсталып, полиция формасын заңсыз пайдаланғаны және бірқатар жол қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, - дейді баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жұмыстан шығарылған полиция подполковнигі наразылық таныттықандығын жазған едік.