Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы кәмелетке толмаған баланы қорлады деген күдікпен Тәжікстан азаматын ұстады. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматының көші-қон қызметінің хабарлауынша, «Келімсек» іс-шарасы кезінде, ауыр қылмыс жасағаны үшін өз Отанында іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қалалық криминалдық полиция қызметкерлері біздің бөлімнің өкілдерімен бірге Тәжікстан Республикасының азаматы, Гиссар қаласының тұрғыны - 1995 жылы туған М. есімді азаматты ұстады. Ер адам 2017 жылдан бастап Гиссар аудандық ІІМО-мен Тәжікстан Республикасының ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімі - кәмелетке толмағандарды қорлау бойынша қылмыс жасағаны үшін іздестіріліп жатқаны анықталды. Ұсталған адамды экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешіледі, - деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Сонымен қатар полиция тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау мақсатында Алматы қаласында «Келімсек» жалпыреспубликалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталғанын еске салды. Іс-шара 7 маусымда басталды және 16-сын қоса алғанда жалғасады.