Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД балалар арбаларының жаппай жануының жиілеп кеткенін мәлімдеп, дабыл қақты.
Департаменттің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі арбалар, велосипедтерді өртеудің 35 жағдайы тіркелген.
Тек 2020 жылдың 6 қазаны мен 25 желтоқсан аралығында мегаполисте түнгі уақытта 20 өрт тіркелді. Сонымен қатар бір күнде бірнеше өрт оқиғаcы тіркелді. Олар: 2020 жылғы 7 қарашада таңғы сағат 7-ден 10-ға дейінгі уақытта Бостандық ауданында № 2,14,28 "Қазақфильм" және №5, 33 "Алмагүл" шағын аудандарының көпқабатты үйлеріне өндірушілер бірден 5 шақыртуға жұмылдырылды. Сондай-ақ 2021 жылдың 27 ақпанында таңғы сағат 7-ден бастап, 10 ға дейінгі уақыт аралығында өрт сөндірушілер Бостандық ауданының "Көктем"шағын ауданында 3 мекенжай бойынша өртті сөндірді, - делінген хабарламада.Сондай-ақ қаланың төрт ауданында, атап айтқанда, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу ауданындағы тұрғын үйлердің кіреберістерінде 15 бала арбасының жану дерегі тіркелген. Оған қоса басқа да тұрмыстық заттар өртенген.
Жүргізілген тексеру іс-шараларына сәйкес, барлық жағдайларда өрттің қасақана жасалғандығы анықталды. Қазіргі уақытта материалдар Алматы қаласының Полиция департаментіне жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерініне сәйкес баспалдақ торларының астында, сондай-ақ, эвакуациялық жолдарға кедергі келтіретін үй тұрмыстық заттарды, яғни балалар арбалары, шаналар, велосипедтер мен жиһаз жинауға тыйым салынады, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты, тұрғындардың арасында жарақат алу, сондай-ақ өрт кезінде материалдық шығын келтіру жағдайларын болдырмау мақсатында ТЖД Алматы қаласының тұрғындарынан подъездерде балалар арбаларын, велосипедтерін қоймауға шақырады.