Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда Pfizer вакцинасын 12,5 мың бала алды

6 Желтоқсан 2021, 12:40
1113
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Pfizer вакцинасын салу қалай жүріп жатқанын мәлімдеді.

Басқарманың мәліметінше, бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының вакцинасын 16 968 адам алған, оның ішінде 995 жүкті әйел, 3 513 бала емізетін ана және 12 460-і балалар мен жасөспірімдер.

Өткен тәулікте қала бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 536 адам, 2-компонетін 553 адам салдырды. Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 1 043 672 адам, 2-компонентін 975 812 адам алды. Вакцина алғандар ішінде 60 жастан асқан кісілер 122 544 адам, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеше қалада 66 адамнан коронавирус анықталған, оның 60 симптомдық белгілері бар және 6 симптомсыз.

Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 636 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 616, 20 науқаста симптомсыз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы