Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті

Бүгiн, 02:45
156
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті, , деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері қала аумағында пәтер тонаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, топ мүшелері алдын ала келісіп, жүйелі түрде әрекет етіп, тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, азаматтардың бағалы заттары мен мүлкін ұрлаған. Қолға түсіру және одан кейінгі тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар екенін дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді. Ұрланған мүліктің бір бөлігі заңды иелеріне қайтарылды.

Қазіргі таңда қылмыстық әрекеттің бірнеше дерегі анықталды. Ұсталғандардың Алматы қаласы аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары тексерілуде. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Қажетті тергеу және жедел іс-шаралары жүргізілуде. Мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыс полицияның тұрақты бақылауында.

Криминалдық полиция азаматтардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстарға дәйекті әрі қағидатты түрде әрекет етеді. Аталған топтың қызметі толық тоқтатылды. Пәтер ұрлықтарының сериясына қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды. Біз мұндай қылмыстарды әшкерелеу және кінәлілерді жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастырамыз. Азаматтардың тұрғын үйінің қауіпсіздігі – біздің басты басымдықтарымыздың бірі, – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.

Өзгелердің жаңалығы