Алматыда пәтер балконынан өрт шығып, бір адам зардап шекті

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

30 Тамыз 2026, 07:52
АВТОР
 Скриншот 30 Тамыз 2026, 07:52
30 Тамыз 2026, 07:52
99
Фото: Скриншот

Алматының Бостандық ауданындағы Мынбаев көшесінде өрт шықты.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт екінші қабаттағы пәтердің балконында басталып, жапсарлас орналасқан көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына таралған.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті оқшаулап, толық сөндірді.

Екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх