Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Lexus пен Pajero соқтығысып қалды, нәтижесінде жол талғамайтын көлік жол жиегіндегі ағаштарды қиратып кете жаздады. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
Lexus ES 300 автокөлігі Жұбанов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Момышұлы мен Саин көшелерінің ортасына жеткенде сол маңдағы автотұрақтан Mitsubishi Pajero көлігі атып шыққан.
Жол талғамайтын көліктің жүргізушісі «жол беру керек» деген белгіні байқамаған немесе оны керек етпеген көрінеді.
Соққы қатты болмаған, алайда Pajero жүргізушісі қорыққаннан тежегіштің орнына газды басқан. Осылайша ол жол жиегіне шығып бірнеше метр жүріп барып талға «асылып» қалған. Оқыс оқиға кезінде ешкім зардап шекпеді.