Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды

27 Шілде 2019, 13:13
1831
Бөлісу:
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Өзегінің мүлкін ұрлау ісін ауш бөлімі мен «Арлан» арнайы жасағы бірігіп 5 адамнан тұратын күдіктілер тобын ұстады. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталғандар 30 бен 38 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шыққан. Олар Алматыға қылмыстық пиғылмен келгендері анықталған.

«Ұсталғандардың әрқайсысы бұған дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олар Алматыға пәтерлер мен үйлерді тонау үшін келген. Өзге топтағылар сияқты бұларда да әр қайсының атқаратын өз қызметі болған. Қылмыскерлер иесі жоқ пәтерлерге кіріп, бағалы заттар мен ақшаларын жымқырып кетіп отырған. Оның қатарында алтын сағат, планшет, тіптен иіссуды да қағып кетіп отырған. Жедел-іздестіру шарасы барысында ұрылар біздің арнайы жасақтың арқасында ұсталды. Қазіргі уақытта олардың қаладағы 6 ұрлау оқиғасына қатысы бар екені дәлелденді. Ұсталғандардың барлығы Алматы ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізілуде» , - дейді Криминалды полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Өзгелердің жаңалығы