Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты - көрнекті ғалым Өзбекәлі Жәнібеков танымалдылығының сан қырлы қайраткерлігін ашып көрсету. Өйткені ғалымның тікелей атсалысуымен заманауи Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық-саяси және әлеуметтік саласы қалыптасқаны белгілі. -
Өзбекәлі Жәнібеков кеңес билігінің саяси басшылығы алдында мақсатты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастап, Түркі әлемінің жоғалтып алған бірегей дәстүрлі құндылықтарын қалпына келтіруді жүзеге асырды.
Конференцияға қатысушылар қайраткердің мемлекет пен қоғам алдында қолға алып, жүзеге асырған қыруар жұмыстарын жан-жақты талқылап, жұртшылыққа белгісіз кейбір тарихи оқиғалар мен жағдайларды, қол жеткізген жетістіктері жайлы баяндады.
Бұл салада Өзбекәлі Жәнібековтің Қазақстанның тарихи, бірегей мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру мен сақтауды ұйымдастырып, еліміздің құнды ескерткіштеріне қосқан орасан зор үлесін, солардың қатарында Бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген көптеген мәдени мұрасы бар екені де айтылды.
Сондай-ақ конференция барысында академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы тарапынан ҚР Мемлекеттік мұрағатынан алынған құжатттар мен фотосуреттер қойылған Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қайраткерлік қызметіне қатысты көрме экспонаты ұйымдастырылды.
Солардың қатарында Бүкіләлемдік ЮНЕСКО тізіміне енген мәдени мұра құжаттарының көшірмесі бар.
ҚР мәдениет қайраткері Базарбай Алтаев көрмеге Өзбекәлі Жәнібековтің Орталық архивте сақталған фотосуреттерін арнайы алдырғандарын айтады.
Өзбекәлі Жәнібеков еңбек жолын мектепте қызмет етуден бастаған. Бүгінгі көрмеге оның еңбек жолынан, өмірінің маңызды кезеңдерінде түсірілген фотосуреттері қойылды, - дейді ол.Сондай-ақ «Қазреставрация» мекемесі де ғалымның ұйытқы болуымен қайта жөндеуден өткен көне ғимараттардың макетінен көрме ұйымдастырыпты.
Республикалық ғылыми-практикалық конференция БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Ш. Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология институты» және «Қ.И.Сәтбаев атындағы Мемориалдық мұражайының» атсалысуымен өтті.