Алматыда өткелдер жаңартылды

12 Қазан 2023, 16:50
795
Бөлісу:
Алматыда өткелдер жаңартылды
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алғашқы нысан Наурызбай ауданы №7 қалалық аурухананың алдындағы жер асты өткелі еді. Мұнда жөндеу жұмыстары осы жылдың қыркүйек айында басталып, қазан айының соңына дейін аяқталады. Сәндік плиткалар (керамогранит) қалпына келтіріліп, энергияны үнемдейтін шамдар қойылады, бейнебақылау камералары орнатылып, шатыр мен тактильді плиталарды ауыстыру көзделген. Аудан әкіміне сапасыз материалдарды пайдаланбауға жол бермеу тапсырылды.

Алматыда өткелдер жаңартылды

Алматы қаласы бойынша барлығы 74 жер үсті және 56 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі бар. Биыл жаңғыртылып жатыр. Келесі жылы 5 жер үсті өткелінде құрылыс-монтаж жұмысы жоспарланған. Өткелдер антивандальды шамдармен, тактильді плиталармен және бейнекамералармен жабдықталады, - деді аппарат басшысы Бейбіт Шаханов.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлы болуы үшін Рысқұлов даңғылы-Доспанов көшелерінің қиылысындағы жер үсті өткеліне жедел саты орнатылады. Бұл екінші нысан еді. Күрделі жөндеу аясында қолданыстағы асфальтбетон жабындарын бөлшектеу, сәндік плиткалар мен су бұру құрылғыларын қалпына келтіру, аралық құрылыстардың металл конструкцияларын, тіректерді, баспалдақ жиектерін сырлау, лифтілер мен көтергіштерді күрделі жөндеу, шатырды ауыстыру, іргелес аумақты абаттандыру жүргізілді. Бүгінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Алматыда өткелдер жаңартылды

Сонымен қатар, Райымбек даңғылының қиылысындағы Сайын көшесі бойындағы жер үсті өткелінде күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленіп жатыр. ЖСҚ-да асфальтты автоматты жылыту жүйесі бар плиталарға ауыстыру, шатыр мен лифт жабдығы элементтерін ауыстыру, жарықтандыруды жаңарту және бейнебақылау камераларын орнату көзделеді.

Алматыда өткелдер жаңартылды

Бұған қоса, ерекше қажеттілігі бар адамдардың жайлы жүріп-тұруы үшін жаяу жүргіншілер өткелдерінде инклюзивті орта құру бойынша жұмыс жалғасып отыр. 74 жер үсті және 56 жер асты жаяу жүргіншілер өткелінде 87 бірлік лифт құрылыстары және 93 бірлік көтергіш платформалар бар, оның ішінде:

Алматыда өткелдер жаңартылды

- 51 бірлік лифт құрылысы мен 33 бірлік көтергіш платформа жарамды, штаттық режимде жұмыс істейді;

- 34 бірлік лифт құрылысы мен 38 бірлік көтеру платформасы бойынша жұмыс биыл жыл соңына дейін аяқталады;

- қалған 2 бірлік лифт құрылысы жұмыс істемейді, Жетісу ауданының әкімдігі оны 2024 жылға жоспарлаған.

Өзгелердің жаңалығы