Алматыда Бостандық ауданында орналасқан тұрғын үйдің электр тарату желісінен өрт шығып, дәлізді қою түтін басқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 3 желтоқсан күні сағат 20:17-де өрт сөндірушілер Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 208 мекенжайына жіберілді.
Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілер қысқа тұйықталудың себебінен 4-қабатты тұрғын үйдің 3, 4-ші қабаттарында электр тарату желісінен өрт шыққанын.
Үйдің дәлізін қою түтін басып, пәтерлерінде қалып қалған тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Бұл ретте өрт сөндірудің басшысы дұрыс шешім қабылдады. Нәтижесінде газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары құрылып, оның көмегімен өрт сөндірушілер 4 адамды – пәтер иесін, оның жұбайын, 1999 жылы туған қызы мен 71 жастағы атаны таза ауаға шығарды, сондай-ақ, 70 адам эвакуацияланды. Айту керек, қысқы маусымда өрт шыққан кезде адамдар бар нысандарға жылыту мен уақытша орналастыру үшін техника жіберіледі, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сағат 20:40-та толық сөндірілді. Өртке қарсы 25 адам, 7 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Эвакуацияланған тұрғындар ауруханаға жатудан бас тартты.