Алматыда өрттен 42 адам эвакуацияланды

Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 42 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 3 Қаңтар 2025 2025, 04:27
3 Қаңтар 2025 2025, 04:27
685
Фото: видеодан кадр

Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 42 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Наурызбай ауданының Қарғалы шағынауданында Кенесары хан көшесінің бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шықты.

ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 22 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарды және 20 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 100 астам адам өз бетінше далаға шыққан, - делінген ақпаратта.

Өрт жедел түрде 10 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталып жатыр.

Наверх