Алматының өрт сөндірушілері өртеніп жатқан үйден 17 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, 20 ақпанда сағат 01.53-те Бостандық ауданында Өтепов көшесі бойындағы 13 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге кіріскен.
Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен 2 адамды құтқарып, 15 адамды эвакуациялады. Сағат 02.39-да өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қабылданған шаралардың арқасында көрші пәтерлер аман қалды.
ТЖД жеке құрамынан 35 адам мен 11 бірлік техника, қаланың шұғыл іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола мен Атырау облыстарында өрттен 2 адам қайтыс болған еді.