Алматыда Орталық аурухана жұмысшысы COVID-19-дан көз жұмды

16 Мамыр 2020, 12:07
2477
Бөлісу:
Алматыда Орталық аурухана жұмысшысы COVID-19-дан көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының жұмысшысы коронавирус инфекциясынан көз жұмғанын мәлімдеді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында А. есімді науқас әйел қайтыс болды. Ол Орталық ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. Сәуірдің 16 күні ПЦР талдауынан вирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды, - делінген хабарламада.

Науқас коронавирус инфекциясын емдеу жөніндегі хаттамаға сай реанимация және интенсивті терапия бөлімінде ем қабылдаған. 

Интенсивті терапияның жүргізілгеніне қарамастан науқастың ауруы асқына берген.

Қазіргі уақытта Комиссия өлім жағдайын зерттеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, соның нәтижесінде өлім себептері анықталады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы