Алматыда өрт сөндірушілер өрт көшуінің алдын алды , деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Бостандық ауданындағы дүкендердің бірінде өрт орын алып, оның алауы көрші тұрған екі қабатты тұрғын үйге көше жаздаған.
Құтқарушылар 120 шаршы метр алаңды қамтыған өртті қысқа мерзімде сөндіріп, алаудың көрші ғимаратқа көшу мүмкіндігін болдыртпады. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – делінген ведомство таратқан хабарламада.
ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.