Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданындағы тұрғын үйден шыққан өрттің себептерін анықтауды тапсырды.
Жетісу ауданының Ақтолқын көшесі, 12 мекенжайдағы көпқабатты үйдегі өрттің себептерін тексеру Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке бақылауында.
13 отбасы баспанасыз қалды, оның жетеуі туыстарының үйлерінде. Алты отбасының 23 мүшесі уақытша қонақүйлерге орналастырылған. Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде, оның ішінде гигиена бұйымдары мен тағамдар бар. Мектеп жасындағы балаларға оқу жылына дайындалуға көмек көрсетіледі, - делінген хабарламада.Өрттің шығу себептері мен комиссия қорытындысы анықталған соң, осы үйдің тұрғындарының баспана мәселесі бойынша шешім қабылданады.