Алматыда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

7 Қыркүйек 2021, 11:05
6058
Бөлісу:
Алматыда өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Алматы, BAQ.KZ. 7 қыркүйектен бастап Алматы қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Мақсаты - жылыту кезеңінде өрттен, адамдардың жарақат алуын және тілсіз жаудан қаза болғандардың санын азайту.

2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың сәуіріне дейін қалада 359 өрт тіркелген. Алматы қаласы ТЖД-сы болған өрттің себептеріне талдау жүргізген, нәтижесінде 359 өрттің 275-і немесе 76%-ы жеке тұрғын үй секторында пештердің жарамсыздығынан және электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуынан болғаны анықталыпты.

«Пеш» өрттерінің статистикасы жылыту маусымына қарай, суық мезгілінде ұлғаяды. Жаз мезгілі аяқталып, пәтер жалдаушылар мен үй иелері жылыту құралдарының қауіпсіз жағдайға келтіруге, сондай ақ сақтық шараларын ұмытады. Пеш құралдарының өзі уақыт өте ескіріп, жарамсыз болып қалады. Сондықтан Алматы қаласы ТЖ департаменті 10 тамыздан бастап жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарды пеш жабдықтарын өртке қауіпсіз күйге келтіруге шақырады.

Тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу іс-шараларының кешенді жоспары шілде айында бекітілген.
ЖАО-дан алынған деректерге сәйкес 148 346 жеке тұрғын үй есепке алынып, оның ішінде 3 мың 148-қатты отынмен жылытылатын және бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын азаматтарға жататын 1876 адам бар.

Бүгінгі таңда құтқарушылар 9,5 мыңнан астам аулаларды (қатты отынмен жылытылатын үйлер, каркасты-қамысты және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар) аралап, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 11 мыңнан астам жадынама табыс етті.

Оған қоса әлеуметтік осал топтағы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.

Ол үшін 1326 әлеуметтік осал отбасының тізімі жаңартылып, жеке топқа бөлінді, оның ішінде 354 үй-қанағаттанарлықсыз өрт қауіпсіз жағдайда. Қыркүйек айының басынан бастап «Көмек қолы» акциясы аясында Наурызбай және Түрксіб аудандарында ТЖД қызметкерлері еріктілермен бірге түтін аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 3 үйінде пеш құбырларын тазалап, ақтады, улы газды анықтайтын датчиктерін орнатып, электр сымдарын өртке қауіпсіз жағдайға келтірді,-делінген хабарламада.

Заманауи технологияларды, атап айтқанда гис карталарды пайдалана отырып, өрттің көп саны тіркелген учаскелер анықталды, осыған байланысты жеке тұрғын үйлерді «нүктелік» аралау ұйымдастырылды, сондай-ақ демалыс күндері (28 және 29 тамыз) бекітілген учаскелер бойынша (Алатау ауданындағы Шаңырақ 1,2, ш/а, Әйгерім 1,2, ш/а , Ұлжан, ш/а) аралау жүргізілді. Тұрғындарға дауыс зорайтқыш байланысы бар автомобиль өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерін жеткізетін автокөлік жұмылдырылды.

Осы бағыттағы жұмыс жылу беру кезеңі аяқталғанға дейін жүргізілетін болады.

Алматы қаласы ТЖД пештен шығуы мүмкін өрттердің негізгі себептеріне назар аударуды ұсынады:

- ағаш жабындылар арқылы өтетін жерлерде түтін құбырларына бөлінген орынның аз болуы, сондай - ақ шағын шегіністер-пеш қабырғалары мен ағаш қабырғалары арасындағы қашықтықтың аз болуы; күл астында темір қалқанның болмауы; Пештің алдыңғы бөлігінде іргетастың қаланбауы;
- пешті бензинмен, керосинмен және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтармен жағу; пештерді қатты қыздыру; ашық қалған пеш есігі; ошақтың жанында киімді немесе басқа заттарды кептіру мұның барлығы өрттің шығуына себеп.

Өзгелердің жаңалығы