Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция Алматы көшелерінде екі рет оқ атқан ер адамды ұстады.
Сағат 22.00 шамасында 102 пультіне ер адам екі рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, - деп хабарлады Алматы полициясы.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасындағы жанжалға байланысты осындай қадамға барған, деп хабарлады полиция.
Бұған дейін кейбір Телеграм-каналдар ол бұрынғы әйелімен жанжалдан кейін қолына қару алғанын жазған болатын.