Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көрме аясында «Өркендеу жолы» жобасы таныстырылды. Бұл атау кездейсоқ емес, бәрі де жолмен басталып, жолмен аяқталатыны дейді жобаның дем берушісі әрі қазақстандық белгілі суретші Армат Бектас.
Автор ретінде ол бейнелеу өнері арқылы қоғамның, мәдениеттің қарым-қатынасын және ұлттық идеяның қалыптасуын жаңаша түсіндіруімен танымал.
Мен Кандинский мен Пикассоның жұмыстарын зерттедім, олардың барлығы да өздерінің абстрактылық жұмыстарының рухани байланысын іздеді. Мен олардың зерттеуін жалғастырып, өз жұмыстарыма, символдарым мен таңбаларыма рухани өзек жүргіздім. Менің жұмыстарымнан әрбір конфессияның немесе этностың өкілі өзінің рухани символын көреді, өнерді өзі арқылы танып, өзгереді. Осыған мен «Sal Seri» галереясындағы өз шәкірттеріме де үйретемін. Түрлі мамандық адамдары өзінің шығармашылық әлеуетін аша алады, кез келген адам сурет салуды үйрене алады, және бұл үшін 10-15 жыл оқу міндетті де емес. Өмірде өтіп жатқандарға көз жүгірте келіп, сурет салатын адам – әрқашан да Жаратушы, ол ештеңені бүлдірмейді дегім келеді, - деді Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Армат Бектас.
Көрмені ұйымдастырушы – «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Sal Seri» астаналық көркемсурет галереясы, оның осылай аталуына шабыт берген қазақтың ұлы өнер қайраткерлері, біртуар дарабоздары – Бұқар жырау, Ақан сері, Ақтанберді. Көрмеге 16 автор қатысады, оның көпшілігі – кәсіби емес суретшілер, Армат Бектастың шәкірттері.
Көрменің алдында суретшілер «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шарын шатқалында пленэр өткізді. Сырға толы табиғат көріністерінен шабыт алған суретшілер бірнеше жұмыс жазды, олар да осы көрмеден орын алды.
Біз ұлттық саябақтарда экотуризмді дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз және біздің ойымызша, өнер – қазақстандықтардың табиғатты қорғау проблемасына назарын аударуға, экологияға және бірегей табиғат орындарына ұқыпты қарау туралы ойлануға ынталандырудың тамаша мүмкіндігі, – деді QazaqGeography РҚБ-ның басқарма төрағасы Орман Нұрбаев.
«Өнер – өзіме келер жол. Мен осылай деп айтқым келеді. Бутан Корольдігінде «Жолбарыстың ұясы» монастырында болғаннан кейін мен сурет сала бастадым. Алматыға қайтып келген соң сурет салуды жайлап қолға алдым, содан бері жеті жыл өтіп кетіпті. Мен өмірімде 25 елде болдым, соның ішінде өзгеру тұрғысынан алғанда, Бутанның орны айрықша. Сондықтан менің картиналарымның алғашқы коллекциясы Гималайға арналды. Рерихтің жолымен жүрсем деген ниет туып, болып, алғашқы картиналарым соның жұмыстарының көшірмесі болды. Біртіндеп өз стиліме келдім, осылайша менің өз картиналарым пайда болды, – дейді суретші Эльмира Қандықбаева.
Көрмеге «Абстракция» және «Реализм» жанрларында 44 кескіндемелік жұмыс қойылады. Олардың бәрі де өнер мамандары тарапынан жоғары бағаланды.
Армат Бектастың шәкірттері әр түрлі болғанымен, оларды өздерінің кескіндемеге деген энтузиазмы мен сүйіспеншілігі біріктіріп тұр. Мұның бәрі олардың жұмыстарынан көрінеді. Эльмира Қандықбаеваның «Киелі Гималай» сериясындағы кейде өзіне тән жарқын, мәнерлі, анық көрінетін жағынды фактурасынан немесе Айнар Қанапиянованың «Қожа Ахмет Яссауи мешіті» пейзажындағы жайдары жазғы күнді берудің нәзік колористік шешіміндегі шығармаларынан табуға болады, – деді белгілі өнертанушы әрі Невзоровтар отбасы атындағы музейдің директоры Татьяна Костромская.
Кескіндемеге біздің көпшілігіміз жасымыз есейген шағымызда келдік, және біз өнердің – көркемсуреттік біліммен анықталмайтын рухани болмыс, ішкі қажеттіліқ сияқты адамның өзін көрсететін табиғи қажеттілігі екенін өз жұмыстарымызбен көрсеткіміз келді, сондықтан да біздің көрме – кез келген жастағы адамдардың өз мақсаттарына жете алатындығының жарқын мысалы, – деп өз ойын бөлісті Эльмира Қандықбаева.
«Өнер сананы өзгертеді» көшпелі көрмесі Қазақстанның бес қаласында өткізіледі. Суретшілер өз жұмыстарын Нұр-Сұлтанда, Семейдегі Невзоровтар отбасы музейінде қойған болатын. Келесі баратын жер Шымкенттегі Қазіргі заман өнер музейі болмақ. Көрмеге қатысушылар, сондай-ақ Өзбекстанда гранд-пленэр өткізеді.
14 мамыр күні сағат 12:00-де Армат Бектас кескіндеме бойынша шеберлік сағатын өткізеді. Өздеріңізбен бірге – этюдник, бояу, май және қылқалам болу керек. Шеберлік сағаты тегін өткізіледі.