Алматыда оқушы жоғалып кетті

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі&nbsp;Мақсат Қиқымов Instagram-ғы парақшасында жазды.</h4>

 21 Ақпан 2020 2020, 12:04
21 Ақпан 2020 2020, 12:04
1675

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі  Мақсат Қиқымов Instagram-ғы парақшасында жазды.

Құрметті тұрғындар 8 сынып оқушысы Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлына іздеу салынады, - деп жазды ол.

Оның айтуынша, жасөспірім 20 ақпан күні сағат 14:30 үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
Оның бойы 1.50 см, шашы қара, қара күртеше, джинсы, көк кроссовка киген, қолында қара түсті сөмке. Қандай да бір ақпарат болса жазуларыңызды сұраймыз, - деп жазды әкім.

Волонтерлердің мәліметінше, бала эпилепсиямен ауырады, сондықтан бағдарсыз қалуы мүмкін.

тинка.jpg


Наверх