Алматыда қоғамдық көлік үш күн жұмыс істемейді

<h4>Алматы, BAQ.KZ. Шілденің 31 және тамыздың 1 мен 2 күндері Алматыда қоғамдық көліктер жұмыс істемейді.</h4>

 30 Шілде 2020 2020, 10:20
30 Шілде 2020 2020, 10:20
1890

Алматы, BAQ.KZ. Шілденің 31 және тамыздың 1 мен 2 күндері Алматыда қоғамдық көліктер жұмыс істемейді.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес мереке және демалыс күндері (31 шілде, 1-2 тамыз) Алматы қаласындағы қоғамдық көліктің, сондай-ақ, метрополитеннің жұмысы тоқтатылатындығын естеріңізге саламыз, - делінген көлік холдингтің хабарламасында.

31 шілде Құрбан айт мерекесіне байланысты демалыс күні болып жарияланған.

Наверх