Алматыда нысандарды бұзу туралы 86 талап арыз қаралды

29 Желтоқсан 2023, 17:16
623
Бөлісу:
Алматыда нысандарды бұзу туралы 86 талап арыз қаралды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

2023 жылы Алматы соттары нысандарды бұзу туралы 86 талап арызды қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл жыл басынан бері Алматы қаласының соттарына заңнама мен құрылыс нормаларының талаптарын бұзғаны үшін 174 талап арыз жіберілді, деп хабарлайды қала құрылысын бақылау басқармасы.

Оның 86-ы нысанды толық немесе жартылай бұзуға қатысты. Қазіргі таңда 41 талап арыз қанағаттандырылды, тағы 45 нысанды бұзу бойынша сот талқылауы жүріп жатыр.

Олардың ішінде көппәтерлі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, тұрғын емес үй-жайлар мен қосалқы ғимараттар, дәмханалар мен мейрамханалар, сауда павильондары, көлік жуу орындары және басқа да құрылыс нысандары бар.

Басқарманың мәліметінше, 2023 жылы барлығы 22 нысан толық немесе жартылай бұзылды.

Өзгелердің жаңалығы