Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сейфуллин даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында Nissan Patrol джипі мен Lada Granta соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Nissan жүргізушісінің айтуынша, ол Сейфуллиннің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.
Ол бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап, жолды кеспек болғанда қиылыстан Lada атып шыққан.
Lada Қазыбек би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.
Екі жүргізуші де бір-бірінен қашуға тырысқан, бірақ онысынан ештеңе шықпаған.
Алдымен алдыңғы жағымен соғысқан көліктер артынан артқы жағын да бүлдірген.
Ауыр соққыдан Lada тротуарға ұшып түскен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Lada жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.