Алматыда NEET жастарының үлесі 7,4% - ға төмендеді

Бөлісу:
Алматыда NEET жастарының үлесі 7,4% - ға төмендеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 682 мыңнан астам жас тұрады, оның ішінде 421,6 мыңы – жұмыс істейтін жастар, 47,8 мыңы – NEET жастары, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек атап өтті. 

Алматы қаласындағы жастар саясаты басқармасы үш бағыт бойынша жұмыс атқарып келеді. Жыл басынан бері 6,3 мың адам оқытылды, оның ішінде 4,2 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 1 мыңнан астамы курс оқып жатыр. Алдағы уақытта үш мыңға дейін адам 30 күндік қысқа мерзімді курс оқиды деген ойдамыз. Курста мына мамандықтар оқытылады: сату жөніндегі менеджер, мобилограф, SMM-менеджер, графикалық дизайнер, таргетолог, гид, курьер және т.б. Бүгінгі таңда курстарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін барлық курстарды онлайн өтуге болады, – дейді Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Әзиз Қажденбек.

Спикердің айтуынша, Алматыда жыл соңына дейін 8 жастар комунити орталығы іске қосылады.

2025 жылдың соңына дейін жастар комунити орталығының саны 16-ға дейін жеткізіледі. Осылайша NEET санатымен жұмысты жаңа деңгейге көтереміз. Жеке бастамалар аясында ШОБ субъектілері 20,8 мыңнан астам жастарды, оның ішінде NEET жастарды жұмысқа орналастырды, – дейді Әзиз Қажденбек. 

Жастар орталығы Алматы қаласындағы NEET жастарының үлесін 2023 жылдың І жартыжылдығында 8,3%-дан 7,4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді, ал осы жылдың соңына қарай 6,5%-ға дейін төмендеуді жоспарламақ.

Өзгелердің жаңалығы