Негізгі іс-шаралар 21 наурызда сағат 10:00-де Наурыз мерекесіне арналған шеруден басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматының орталық көшелері – Абай және Абылай хан даңғылымен жүріп эпос, аңыз, бүркіт т.б. ертегі әлемінің кейіпкерлерімен Төле би көшесіне дейін бірге барады.
Мерекелік іс-шараға барлығы 500 адам қатысады. 21-22 наурыздағы мерекелік іс-шаралар кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына барлығы 60 тонна наурыз көже мен бауырсақ таратылады. Карусельде қаладағы негізгі іс-шаралар туралы айтамыз.