Алматыда Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін

10 Наурыз 2021, 16:55
2134
Бөлісу:
Алматыда Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға тыйым салынуы мүмкін

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында мерекелік және отбасылық шараларға қатыспай тұра тұруға шақырды.

Алматы қаласы санитарлық қызметі кез келген мерекелік шаралар коронавирус инфекциясының тез тарап, өрши түсуіне ықпал етеді. Қаланың қайтадан «қызыл» аймаққа өтуі себепті тұрғындарға адам көп жиналатын ортаға барудан бас тарту ұсынылуда.

Мерекелік шара барысында адамдар танысымен, туыстарымен байланыс орнататыны белгілі. Осы себепті коронавирусты жұқтыру қатері де артады. Алда Наурыз мейрамы келе жатыр, әрине бұл халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Дегенмен қала «қызыл» айммаққа енуіне байланысты меркелелік іс-шараларға тыйым салынады, адамдардың көптеп жиналуына және жаппай мерекелік шара өткізуге рұқсат етілмейді, - дейді Әсел Қалықова. 

Сонымен қатар, ол маска тағу режимін сақтау инфекцияның тарлуын азайтатынын, сәйкесінше азаматтардың  маска режимін сақтамауы инфекциясының өсуіне әсер ететінін тағы да еске салды.

Бұған дейін Алматы қаласы қайтадан «қызыл» аймаққа енгенін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы