Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 наурыз күні Алматы қаласында бокстан Nauryz Fight Night турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Оқи отырыңыз:
MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыратын бокс кеші "Халық Аренада" өтеді. Кеште төмендегі боксшылар шаршы алаңға шығады.
Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) – жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері;
Тұрсынбай Кұлахмет – әуесқой бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы;
Фазлиддин Гайбназаров (Өзбекстан, 8-1, 5 KO) – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы;
Мухаммад Васим (Пәкістан, 10-1, 7 КО);
Абай Төлеш (5-0, 3 КО)
Хуршид Тожибаев (4-0, 2 КО)
Әли Балоев (9-0, 7 КО);
Әбілхайыр Шегалиев (8-0, 4 КО);
Рай Сейітжанов (2-0);
Нұрдос Төлебай (2-0, 1 KO).