Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда намаз кезінде мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Алматыда намаз уақыты кезінде мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мешіттерде жасалған бірқатар ұрлық деректері әшкереленді. Күдікті болған ер адам ұсталып, оның жамағаттан ұялы телефондар, әмияндар және өзге де жеке заттарды жасырын түрде ұрлағаны анықталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті намаз уақытын пайдаланып, адамдардың бейқамдығын аңдып, қылмысын жасырын жүзеге асырған. Ұрлықтарға қатысы бар күдікті ұсталып, әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Алатау аудандық ПБ баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық әрекетінің бірнеше эпизоды дәлелденді. Оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Азаматтарды жеке заттарына мұқият болуға және күмәнді тұлғаларды байқаған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырамыз. Түскен барлық ақпарат міндетті түрде мұқият тексеріледі, - деп толықтырды Байғараев.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да мешіттен тегін тамақ алуға барған әйел ұрлық жасағаны хабарланған.

Өзгелердің жаңалығы