Алматыда мысықтарға арналған үйшіктер орнатылып жатыр

Бөлісу:
Алматыда мысықтарға арналған үйшіктер орнатылып жатыр
Фото: автордан

Қаланың Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарында қаңғыбас жануарларға қолайлы жағдай жасалып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жоба Animal Security қоғамдық қорының бастамасымен Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп қолға алынды. Қаланың әр ауданындағы жануарлардың мониторингін жануарларды қорғау ұйымдарының арасынан құрылған кураторлар ерікті негізде жүргізетін болады.

Бұл іске босатылған жануарлардың Animal Security қоғамдық қорының жетекшісі Наталья Сульжик бастамашы болды.

Қаңғыбас мысықтарға арналған баспана тұрғындар арасында мысықтарды күтетін, тазалық пен дезинфекцияны қамтамасыз ететін жауапты кураторлардың қатысуымен беріледі. Бүгінге дейін Алматыда фидерлері бар 20 үй орнатылды, тағы 50 шақтысы өндірісте. Мұндай үйшіктерде тұратын барлық мысықтар зарарсыздандырылған, паразиттерден таза, дені сау және тұрғындар үшін қауіпсіз. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары орнатылған құрылымдардың одан әрі тазалығы мен қауіпсіздігін бақылауға міндеттенеді,– деді Наталья Сульжик.

Еске салайық, Алматыда үйсіз жануарларға арналған үйлер орнату бойынша пилоттық жоба алғаш рет биылғы наурыз айында басталған болатын. Жобаға тұрғындар тарапынан көптеген оң пікірлер айтылды.

Алматыда мысықтарға арналған үйшіктер орнатылып жатыр

Бүгінгі таңда жануарларды қорғау қорларына 500-ден астам өтініш келіп түскен. Жануарларды қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың жоспарындағы келесі қадам қаңғыбас иттерге арналған кабиналар орнату жобасы болмақ.

Біз көптен бері мысықтарға байланысты бастама көтергенбіз. Енді сол орындалып, арнайы үйшік жасалды. Бірақ бұл бастаманы тұрғындардың кейбірі қолдамады. Олардың сөзінше аулаға үй жануарларына арналған үйшіктерді орната берсе, ит пен мысық қаптайтын түрі бар. Сондықтан әр тараптың ой-пікірі ескерілді деп санаймыз. Біздіңше қаңғыбас үй жануарлары көбеймес үшін әрбір жан қамқорлық танытса дейміз – деді қала тұрғыны Ирина Мотькина.

Өзгелердің жаңалығы