«Мыңжылқы» тау демалысын, трекингті, хайкингті және серуендеуді ұнататындарға арналған жабдықталған жазғы лагерь, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Туристердің жайлы әрі қауіпсіз демалуы үшін шатырлар, жайлы беседкалар, орындықтары бар үстелдер және ұлттық стильдегі «алтыбақан» әткеншектері орнатылды.
Туристерді тартудың жаңа нүктесі Кіші Алматы өзенінің бастауында теңіз деңгейінен 3100 м биіктікте орналасқан. Маңайында Мәншүк Мәметова атындағы көл мен Амангелді шыңы бар.
Біз туристер үшін жаңа автобус бағыттарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір кемпингтің орны тақырыбы мен сипатына сәйкес келетін өзіндік бірегей дизайны бар. Кемпинг аймақтары туралы барлық ақпарат карта платформаларына, соның ішінде 2GIS-ке қосылады», - деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.
«Мыңжылқы» Алматы қаласы Туризм басқармасы ашқан тоғызыншы кемпинг аймақ. Биыл жыл соңына дейін туристік инфрақұрылымды дамыту аясында ҮАК-да кемпинг аймақ құрылады.