Алматыда мың мопед тіркелді

18 Ақпан 2025, 20:00
254
Бөлісу:
Алматыда мың мопед тіркелді
Фото: polisia.kz

Алматының әкімшілік полициясы мопедті тіркеу науқаны басталғалы бері мыңнан астам мопед қолданушысының бұл процедураны орындағанын хабарлады, деп хабарлайды BAQKZ polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 Олар көлік құралының тіркеу нөмірін, техникалық төлқұжатын алды.  Енді олар басқа да жол қозғалысы қатысушылары сияқты заңды жауапкершілікке тартылады. 

Сонымен қатар мопед жүргізушілерінің А1 жүргізуші санаты болуы керек екенін еске саламыз. Осы жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді. Осы күннен бастап мопедтерді полицияда тіркелгеннен кейін және тиісті жүргізуші куәлігі болғаннан кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі, - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев. 

Осы жылдың 5 сәуірінен кейін уәкілетті органда тіркеуден өтпеген және “А1” санатты жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 2-1-бөлігі, 612-бабы және 797-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын және мопед мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылатынын еске салды. 

Жаза: 10 АЕК, 20 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Өзгелердің жаңалығы