Алматыда «Музей түні» өтіп жатыр

18 Мамыр 2023, 19:15
1347
Бөлісу:
Алматыда «Музей түні» өтіп жатыр
Фото: автордан

Бүгін Алматы қаласының музейлерінде Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы басталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара аясында театрландырылған қойылымдар, шеберлік дәрістері, байқаулар, квесттер және суретшілермен, жазушылармен, актерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Алматыда «Музей түні» өтіп жатыр

Акция мегаполистің 8 музейінде, атап айтқанда Мемлекеттік Орталық музейінде, Әбілхан Қастеев мемлекеттік өнер музейігде, Алматы музейінде, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде, Д.А.Қонаев музейінде, Н.Тілендиев мемориалдық музейінде, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешенінде, Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығында және А.Байтұрсынов музей үйінде өтіп жатыр.

Алматыда «Музей түні» өтіп жатыр

Музей жалпы белгіленген тақырыпты ұстана отырып, жыл сайын осы халықаралық акцияға қатысып тұрады. Біз музейге деген қызығушылықты арттыру үшін арнайы шығармашылық шешімдерді қолдануға тырысамыз. Халықаралық музейлер кеңесінің 2023 жылы жариялаған тақырыбы - «Музейлер, тұрақтылық және әл-ауқат». Осыған байланысты біз денсаулықты сақтауға қатысты өзекті тақырыпты алға тарта отырып, «Емдеу өнері» қорынан көрме ашамыз. Экспозицияда қазақстандық және шетелдік өнерді бейнелейтін кескіндеме, графика және мүсін туындылары ұсынылған. Авторлар өз еңбектерінде медицина қызметкерлерінің ерен еңбегіне шын жүректен құрметін білдірген. Музей түні осы саласында қызмет істейтін мамандар мен көрермендердің үшін жылдың басты оқиғасы, - деді Әбілхан Қастеев атындағы МӨМ директоры Гүлайым Жұмабекова.

Алматыда «Музей түні» өтіп жатыр

Айта кетейік, «Музей түні» акциясы кешкі 18:00-ден басталып, түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы